Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
61-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл



Ст. 61 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

1) міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерлерін бекітеді; 

2) өзіне Конституциямен, осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы оны құру мақсатына және оның міндеттеріне қол жеткізуге бағытталады. 

3. Ұлттық палатаның Қазақстан Республикасының Үкіметімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы осы Кодексте және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен мынадай нысанда: 

1) Ұлттық палатаның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысуы; 

2) Ұлттық палатаның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысуы; 

3) Ұлттық палатаның орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен консультативтік-кеңесші органдарды құруы; 

4) Ұлттық палатаның орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысуы; 

5) Ұлттық палатаны құрудың мақсатын, оның міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 

4. Коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар Ұлттық палатаның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынуға міндетті. 

РҚАО-ның ескертпесі!

62-бап өзін-өзі реттеу туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.


62-бап. Өзін-өзі реттеуді енгізу және оның түрлері


Кәсіпкерлік және кәсіби қызмет салаларында қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттеу ұйымдарына ерікті және міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілуі мүмкін. 

Өзін-өзі реттеу ұйымына міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу үшін нақты саладағы реттеуші мемлекеттік орган және мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен алдын ала реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізуге тиіс. 

2-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ
ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
4-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НОРМА ШЫҒАРУШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСУЫ


Статья 1 ...59 60 61 63 64 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 61-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ