Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
75-бап. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің жалпы ережелері



Ст. 75 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экологиялық және өзге де салаларды дамытуға ерікті үлес қосуы кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады. 

2. Мемлекет Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі үшін жағдайлар жасайды.  

3. Кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік жауапкершілік бойынша қызметті жүзеге асыруға мәжбүрлеуге ешкім құқылы емес. 

Қайырымдылықты жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің істеріне мемлекеттің заңсыз араласуына жол берілмейді. 

4. Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметінде жұмыспен қамту және еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау салаларында және өзге де салаларда кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ендіре алады. 

Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін кәсіпкерлік субъектілері қайырымдылық арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де нысандарда жүзеге асыра алады.

Статья 1 ...73 74 75 76 77 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 75-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ