Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
84-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi



Ст. 84 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне мыналар жатады: 

1) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту;  

2) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа кірісті есептеу қағидаларын бекіту; 

3) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту. 

Техникалық реттеу саласында:  

1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;  

2) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн қалыптастыру; 

3) техникалық реттеу саласындағы құқықтық реформаны қамтамасыз ету; 

4) ішкі айналысқа арналған тауардың шығарылуы туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген органды (ұйымды) айқындау. 

Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу саласында: 

1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу; 

2) аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидаларын және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту; 

3) аккредиттеу жөніндегі органды осы бөліктің 2) тармақшасында көрсетілген қағидаларға сәйкес айқындау. 

Бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу. 

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Конституциямен, осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Статья 1 ...82 83 84 85 86 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 84-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ