Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
98-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы құзыреті



Ст. 98 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласында:

1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады;

3) жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды;

4) Үкiмет жанынан жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады;

5) орталық мемлекеттiк, жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзiрлейтiн, жеке кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды сараптама кеңестерінiң қарауын ұйымдастырады;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) номенклатурасын және олардың көлемін (пайыздық мәнде) бекітеді;

7) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекітеді;

8) бәсекеге қабiлеттi салаларды құру мен жетiлдiрудi, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамытуды және олар өндіретін өнiмнiң сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттiк саясатты айқындайды және iске асырады;

9) бәсекелестiктi дамытуға және инновацияларға, материалдық активтерге инвестицияларды, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi инвестицияларды ынталандыруға септігін тигізетін нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлейдi;

10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады;

11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамыту үшiн кедергiлердi жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргiзедi;

12) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды ұлғайту және инновациялар ендiрудi жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын құрады;

13) жекелеген салаларда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi арасындағы бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасай отырып, осы салаларды кедендік-тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;

14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа ел орнатқан кедергiлердi жоюға шаралар қолданады;

15) жеке кәсіпкерлік субъектiлерiн келiсiлген бiрлескен экспорттық саясатты жүргiзуге ынталандырады;

16) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне iшкi және сыртқы нарықтардың жай-күйi туралы экономикалық ақпарат берудi ұйымдастырады;

17) сапа менеджментi жүйесiн ендіруді ынталандыру арқылы ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға жағдайлар жасайды;

18) басқа елдердiң аумағында ұлттық экспорттаушылардың мүдделерiн қолдау арқылы сыртқы сұранысқа жағдайлар жасайды;

19) Ұлттық палатамен және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жұмыс берушiлердің бiрлестiктерiмен өзара іс-қимыл жасайды;

20) саланың немесе кластерлердiң проблемаларын шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады, iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулердi қаржыландырады;

21) халықтың әлеуметтiк осал топтарын жеке кәсiпкерлiкке тарту жөнiнде шаралар әзiрлейдi;

22) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекітеді;

23) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекітеді;

Индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласында:

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2) Қазақстан Республикасының Президентіне экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекітеді;

4) индустрияландыру картасын бекітеді;

5) басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын бекітеді;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесін құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;

7) жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.

Статья 1 ...96 97 98 99 100 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 98-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ