Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Еңбек кодексi
106-бап. Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу



Ст. 106 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ



1. Жұмыс күні толық болмаған немесе жүктемесі толық болмаған кезде нақты орындалған жұмыстар үшін, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшін еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде еңбекке сағат бойынша ақы төлеуді белгілеуге болады. Осы Кодексте көзделген жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы кезінде еңбекке сағат бойынша ақы төлеу белгіленеді. 

2. Жұмыс уақытын жиынтық есепке алу кезінде еңбекке ақы төлеу ауысымдық кесте (вахталар кестесі) бойынша нақты жұмыс істеген жұмыс сағаттарының саны бойынша жүргізіледі. Бұл ретте жалақыны есептеу тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық айлықақы) және жұмыс уақытының айлық нормасы негізге алына отырып есептелген сағаттық тарифтік мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.

Статья 1 ...104 105 106 107 108 ...204 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 106-бап ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ