Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Еңбек кодексi
152-бап. Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің тараптары, түрлері



Ст. 152 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ



1. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен республикалық кәсіптік одақтар бірлестіктері арасында бас келісім жасалады. 

2. Салалық деңгейде тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органдары, жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері мен салалық кәсіптік одақтар арасында салалық келісімдер жасалады. 

3. Өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар және жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері мен аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктері арасында өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасалады.

Статья 1 ...150 151 152 153 154 ...204 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 152-бап ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ