Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Еңбек кодексi
162-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар



Ст. 162 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ



Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

1) еңбек төрелігі – ұжымдық еңбек дауының тараптары татуластыру комиссиясында келісімге қол жеткізілмеген кезде еңбек дауын шешу үшін уәкілетті адамдарды тарта отырып құратын, уақытша жұмыс істейтін орган; 

2) ереуіл – жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауындағы жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық немесе ішінара тоқтату; 

3) татуластыру комиссиясы – ұжымдық еңбек дауын тараптарды татуластыру арқылы реттеу үшін, жұмыс беруші мен жұмыскерлер (олардың өкілдері) арасындағы келісім бойынша құрылатын орган; 

4) татуластыру рәсiмдері – ұжымдық еңбек дауын бастапқыда татуластыру комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жеткізілмеген кезде – еңбек төрелігінде, сондай-ақ медиация рәсімін қолдана отырып, тараптардың өзара келісуі бойынша рет-ретімен қарау.

Статья 1 ...160 161 162 163 164 ...204 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 162-бап ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ