Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 55 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Еңбек кодексi
55-бап. Еңбек шартын жұмыскердің басқа заңды тұлғаға ауысуына байланысты тоқтату негізі және тәртібі

1. Жұмыскермен еңбек шарты оның: 

1) акцияларының (қатысу үлесінің) елу пайызынан астамы еңбек шарты тоқтатылатын жұмыс берушіге тікелей немесе жанама түрде тиесілі; 

2) еңбек шарты тоқтатылатын жұмыс беруші акцияларының (қатысу үлесінің) елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі; 

3) көрсетілген заңды тұлға және еңбек шарты тоқтатылатын жұмыс беруші акцияларының (қатысу үлесінің) елу пайызынан астамы бір заңды тұлғаға тиесілі басқа заңды тұлғаға ауысуына байланысты тоқтатылады. 

2. Жұмыскердің жазбаша өтініші және басқа заңды тұлғаның жұмысқа қабылдауға келісуі туралы жазбаша растамасы еңбек шартын тоқтату үшін негіздер болып табылады. Еңбек шартын тоқтату күні тараптардың келісімі бойынша айқындалады.
Статья 1 ...53 54 55 56 57 ...204

Перейти к статье






Добавить комментарий к 55-бап ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ