Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Еңбек кодексi
61-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресімдеу



Ст. 61 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ



1. Жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп жариялаған немесе хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын және үй жұмыскерлерімен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шартының тоқтатылуы жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. 

2. Жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың негізі көрсетілуге тиіс. 

3. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыскерге тапсырылады не оған хабарламасы бар хатпен жіберіледі.

Статья 1 ...59 60 61 62 63 ...204 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 61-бап ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ