Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Еңбек кодексi
98-бап. Оқу демалысы

Ст. 98 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген жұмыскерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларынан өту үшін оқу демалыстары беріледі. 

2. Оқу демалысына ақы төлеу келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында, оқу шартында айқындалады. 

3. Жұмыс беруші "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелге оқуға, тағылымдамаға жіберілген жұмыскерлерге жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, оқу демалыстарын береді.
Статья 1 ...96 97 98 99 100 ...204

Перейти к статье






Добавить комментарий к 98-бап ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ