Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 103 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
103-бап. Жазаны өтеу жағдайлары

1. Бір орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары немесе төтенше қауіпсіз мекеменің шегінде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемеде сотталғандар жазаны өтеудiң дағдылы, қатаң, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларында болуы мүмкiн. 

2. Толық қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде сотталғандар дағдылы, қатаң және жеңілдетілген жазаны өтеу жағдайларында болуы мүмкін. 

3. Сотталғандарды бір жағдайдан басқаларына ауыстыру мекеме комиссиясының шешімі бойынша жүргізіледі, оның жұмысына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ жұртшылық өкілдері қатыса алады.
Статья 1 ...101 102 103 104 105 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 103-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V