Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-атқару кодексi

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
106-бап. Кездесулер



Ст. 106 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Сотталғандарға ұзақтығы екі сағат қысқа мерзiмдi, мекеме аумағында ұзақтығы екі тәулiк ұзақ мерзімді кездесулер берiледі. 

Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен ұзақтығы бес тәулiкке дейін ұзақ мерзімді кездесулер берiледі. 

Сотталған адамның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініш жасауы бойынша кездесу ұзақтығы қысқартылуы мүмкін. 

2. Жұбайымен (зайыбымен), туыстарымен немесе өзге де адамдармен қысқа мерзiмдi кездесулер сәлемдеме алу құқығымен, мекеме әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен берiледi. 

3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды қоспағанда, сотталғандарға ұзақ мерзімді кездесулер жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен, сотталған адаммен некеде тұрмайтын, онымен ортақ балалары бар адамдарға бірге тұру құқығымен және сәлемдеме алу құқығымен берiледi. 

4. Мекемеге келген сотталғандарға бірінші кездесу карантин бөлімшесінен шыққаннан кейін беріледі. 

Кейінгі кездесулер осы Кодекске және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес беріледі. 

5. Сотталғандарға олардың өтiнуi бойынша ұзақ мерзімді кездесудi – қысқа мерзiмдi кездесумен, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен берілетін ұзақ мерзімді кездесудi – мекеменің шегінен тыс шыға отырып, қысқа мерзiмдi кездесумен ауыстыруға рұқсат етiледi. Кездесулерді біріктіруге не бөлуге рұқсат етілмейді. 

6. Сотталғандардың білікті заң көмегін алуы үшін олардың жазбаша немесе ауызша өтініші бойынша адвокаттармен саны, ұзақтығы шектеусіз және олардың құпиялылығы қамтамасыз етілетін жағдайларда кездесулер беріледі.

Статья 1 ...104 105 106 107 108 ...177

Перейти к статье







Добавить комментарий к 106-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V