Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-атқару кодексi

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
110-бап. Жазу керек-жарақтарын, әдебиетті, мерзімді басылымдарды сатып алу және сақтау



Ст. 110 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Сотталған адам бандерольдермен жазу керек-жарақтарын алуға, сауда желісі арқылы әдебиетті сатып алуға, сондай-ақ ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаты есебінен газеттер мен журналдарға шектеусіз жазылуға құқылы. 

2. Сотталғандарға Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездiкке табыну мен зорлық-зомбылықты насихаттауды және үгiттеуді қамтитын, сондай-ақ порнографиялық сипаттағы басылымдарды алуға, сатып алуға, жаздырып алуға, сақтауға және таратуға тыйым салынады. 

3. Сауда желісі арқылы сатып алынатын әдебиеті бар бандерольдер сотталған адам алуға құқылы сауқаттар мен бандерольдер санына кірмейді. 

4. Жазу керек-жарақтарын, әдебиетті, сондай-ақ газеттер мен журналдарды сақтау мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Статья 1 ...108 109 110 111 112 ...177

Перейти к статье







Добавить комментарий к 110-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V