Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
133-бап. Мекемелердің көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын лауазымды адамдары



Ст. 133 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Мекемелер бастықтарының немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдардың осы Кодексте көзделген көтермелеу және жазалау шараларын толық көлемде қолдануға құқығы бар. 

2. Мекеме бастығы орынбасарларының мынадай көтермелеу шараларын қолдануға құқығы бар: 

1) алғыс жариялау; 

2) тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру; 

3) мекеме бастығының орынбасары кәмелетке толмаған адамға бұрын қолданған жазаны мерзімінен бұрын алу. 

3. Мекеме бастығы орынбасарларының мынадай жазалау шараларын қолдануға құқығы бар: 

1) ескерту; 

2) сөгiс.

Статья 1 ...131 132 133 134 135 ...177

Перейти к статье







Добавить комментарий к 133-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V