Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 141 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
141-бап. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген сотталғандарға арналған төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары

1. Өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандар камераларға орналастырылады. 

Сотталғандармен тәрбие жұмысы камераларда ұстау талаптары ескеріле отырып, ұйымдастырылады. 

2. Сотталғандардың күн сайын ұзақтығы: 

1) жазаны өтеудің қатаң жағдайларында – бiр сағаттық; 

2) жазаны өтеудің дағдылы жағдайларында – бiр жарым сағаттық; 

3) жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайларында – екі сағаттық сейілдеуге құқығы бар. 

3. Барлық сотталғандар төтенше қауіпсіз мекемелерге келген бойда жазаны өтеудiң дағдылы жағдайларына орналастырылады. 

Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалауы болмаған кезде жазаны өтеудің дағдылы жағдайларынан жазаны өтеудiң жеңілдетілген жағдайларына ауыстыру он жылдан кейін жүргiзiледi. 

4. Жазаны өтеудің белгіленген тәртiбiн қаскөйлікпен бұзушылар деп танылған және жазасын дағдылы және жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жазаны өтеудiң қатаң жағдайларына ауыстырылады. 

5. Жазаны өтеудің дағдылы не жеңілдетілген жағдайларына қайта ауыстыру осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүргізіледі. 

6. Сотталғандардың қатаң, дағдылы және жеңiлдетiлген жағдайларда жазаны өтеудің тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға қаражат жұмсауына, кездесулердiң саны мен түрiне, сауқаттар, сәлемдемелер және бандерольдер санына қатысты бөлiгiндегi тәртiбi осы Кодекстiң 140-бабында айқындалады. 

Ескерту. 141-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...139 140 141 142 143 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 141-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V