Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
142-бап. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер



Ст. 142 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V




1. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер: 

1) абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталғандарды және қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталғандарды; 

2) осы Кодекстiң 96-бабында көзделген тәртiппен орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден ауыстырылған, оң мiнездемесі бар сотталғандарды ұстауға арналған мекемелерге бөлінеді. 

2. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда өтейдi. 

3. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде дағдылы жағдайларда осы мекемеге жаңадан келген сотталғандар, сондай-ақ қатаң және жеңiлдетiлген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi. 

4. Жаза мерзiмiнiң кемiнде үш айын дағдылы жағдайларда өтегеннен кейін, дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар еңбекке адал қараған кезде жеңiлдетiлген жағдайларға ауыстырылады. 

5. Жазасын дағдылы немесе жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн қаскөйлікпен бұзушылар деп танылған сотталғандар қатаң жағдайларға ауыстырылады. 

Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшін қолданыста екіден көп жазалауы бар сотталғандар дағдылы жағдайларға ауыстырылады. 

6. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылысына ауыстыру жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазалауы болмаған кезде алты айдан кейін жүргiзiледi. 

7. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылысына немесе дағдылы жағдайынан жеңiлдетiлгеніне қайта ауыстыру осы бапта айқындалатын тәртiппен жүргiзiледi. 

8. Қауіпсіздігі барынша төмен басқа мекемеден ауыстырылған сотталғандар өздеріне ауыстырылғанға дейiн айқындалған сол жағдайларда жазасын өтейдi. 

9. Қауіпсіздігі барынша төмен бір мекемеде сотталған ерлер мен сотталған әйелдер ұсталуы мүмкін. 

10. Сыбайлас қатысып қылмыс жасаған сотталғандар жазасын қауіпсіздігі барынша төмен әртүрлі мекемелерде өтейді.


Статья 1 ...140 141 142 143 144 ...177

Перейти к статье







Добавить комментарий к 142-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V