Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 143 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
143-бап. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары

1. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жүрген сотталғандар күзетсiз, бiрақ мекеме әкiмшiлiгiнiң бақылауымен және қадағалауымен ұсталады.

2. Сотталған адамға мекеме әкімшілігі оның жеке басын растайтын белгіленген нысандағы құжат береді. Сотталған адамның жеке басын куәландыратын құжаттар олардың жеке iстерiнде сақталады.

3. Сотталғандарға тiзбесi мекемелердiң ішкi тәртiптеме қағидаларында белгiленген нәрселер мен заттектерді мекеме аумағына әкелуге, пайдалануға және сақтауға рұқсат етіледі.

4. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.

Олар:

1) мекеменiң iшкi тәртiптеме қағидаларымен ұйықтауға бөлiнген уақыттан басқа кезде, мекеме аумағының шегiнде еркiн жүрiп-тұруға;

2) мекеме әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен, eгep бұл олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша, оқуына байланысты, бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу, моншаға немесе шаштаразға бару үшін қажет болса, мекемеге iргелес жатқан аумақтың шекарасы шегiнде айына төрт рет сағат тоғыздан он сегізге дейін қадағалаусыз жүрiп-тұруға;

3) азаматтық киiм киiп жүруге;

4) өзiмен бірге ақша мен бағалы заттар алып жүруге;

5) ақшаны шектеусіз пайдалануға;

6) ай сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.

5. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.

Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар, сотталғандар:

1) апта сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға;

2) мекеме орналасқан елдi мекеннің шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен тұруға құқылы. Бұл ретте, олар мекеме бастығының қаулысымен белгiленген күндері айына төрт рет мекемеге тiркелу үшін келіп тұруға және сағат жиырма бірден жетіге дейін тұрғылықты жерінде болуға мiндеттi. Мекемелер әкiмшiлiгi сотталғандар тұрып жатқан тұрғын үй-жайларға тәуліктің кез келген уақытында баруға құқылы.

Қауіпсіздігі барынша төмен мекеме аумағынан тыс жерде отбасымен тұруға арналған рұқсат мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес ресімделеді.

6. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.

Олар:

1) мекеменiң iшкi тәртiптеме қағидаларымен ұйықтауға бөлiнген уақыттан басқа кезде, мекеме әкімшілігінің рұқсатымен мекеме аумағының шегiнде жүрiп-тұруға;

2) азаматтық киiм киiп жүруге;

3) ақшаны шектеусіз пайдалануға;

4) мекеме әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен, eгep бұл бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу үшін қажет болса, мекемеге iргелес аумақтың шекарасы шегiнде айына бір рет сағат тоғыздан он сегізге дейін қадағалаусыз жүрiп-тұруға;

5) тоқсан сайын бір қысқа мерзімді және алты айда бір рет ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.

7. Еңбек шартын жасасу мен тоқтатуды және басқа жұмысқа ауыстыруды қоспағанда, сотталғандардың еңбегi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi. Еңбек шартын жасасуды, оны тоқтатуды және сотталған адамды басқа жұмысқа ауыстыруды мекеме әкiмшiлiгiн хабардар ете отырып, жұмыс берушi жүзеге асырады.

8. Мекеме әкiмшiлiгi сотталғандарды мекеменiң кәсiпорнына не мұндай мүмкiндiк болмаған кезде, мекеме шегінен тыс жерде, бірақ ол орналасқан тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегiнде орналасқан қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелеріне, оларды тиiсінше бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету шартымен сотталғандарға тұру құқығы беріліп, мекеме әкiмшiлiгi мен жұмыс берушi арасындағы шарттардың негiзiнде жұмысқа орналастырады.

Сотталғандар мекеме әкімшілігі мен жұмыс беруші арасындағы шарттар негізінде, тұру құқығынсыз, мекеме орналасқан тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегіндегі өзге де ұйымдарда жұмысқа орналастырылуы мүмкін.

Қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде тұру құқығы дәрежесі теріс мінез-құлықты сотталғандарға берілмейді.

9. Мекеме әкiмшiлiгi:

1) қылмыстық-атқару жүйесiнің жоғары тұрған органдарының жазбаша нұсқауы бойынша;

2) оны босату кезiнде;

3) төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген кезде;

4) сотталған адам жазаны өтеу тәртiбiн бұзған жағдайда;

5) жұмыс берушi шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда;

6) мекемеде ерекше жағдайлар режимі енгізілген кезде сотталған адамды жұмысқа орналастырылған ұйымнан кері шақыртып алуға мiндеттi.

10. Сотталғандарға мекеме орналасқан тиiстi облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағының шегiнде орналасқан жоғары және орта бiлiмнен кейiнгi білім беру ұйымдарында сырттай, оның ішінде мекемеде тиісті техникалық жағдайлар болған кезде қашықтықтан оқуға рұқсат етiледi.

Ескерту. 143-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...141 142 143 144 145 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 143-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V