Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
144-бап. Толық қауіпсіз мекемелер



Ст. 144 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V




1. Толық қауіпсіз мекемелерде жаза мерзiмiнiң бір бөлiгiн толық қауіпсіз мекемеде өтеумен бес жылдан астам мерзiмге сотталғандар, сондай-ақ орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге толық қауіпсіз мекемеге ауыстырылған сотталғандар, сондай-ақ өздеріне қатысты өлiм жазасы туралы үкiм өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзiлгенге дейiн немесе мораторийдің қолданылу уақытында күшiне енген адамдар ұсталады. 

Сотталғандар толық қауіпсіз мекемелерде осы Кодекстiң 89-бабында көрсетiлген негiздер бойынша да ұсталуы мүмкiн. 

2. Толық қауіпсіз мекемелерде қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайлар белгiленедi. 

3. Дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің бір бөлігін толық қауіпсіз мекемеде өтеумен, бес жылдан астам мерзімге бас бостандығын айыруға сотталғандар мен қатаң және жеңілдетілген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейді. 

4. Қатаң жағдайларда орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін үш жылға дейінгі мерзімге толық қауіпсіз мекемеге ауыстырылған сотталғандар, қаскөйлікпен бұзушылар деп танылған, дағдылы және жеңілдетілген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар, сондай-ақ өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторийдің қолданылатын уақытында күшіне енген адамдар жазасын өтейді. 

5. Сотталған жүкті әйелдер мен жанында жас балалары бар сотталған әйелдер, сондай-ақ мүгедек болып табылатын сотталғандар қатаң жағдайларда ұсталмайды. 

6. Жаза мерзімінің кемінде бір жылын өтегеннен кейін, дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар жазаны өтеудің дағдылы жағдайларынан жеңілдетілгеніне не қатаң жағдайларынан дағдылысына ауыстырылады. 

Ескерту. 144-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...142 143 144 145 146 ...177

Перейти к статье







Добавить комментарий к 144-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V