Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті



Ст. 15 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

1) пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін; 

2) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларын; 

3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарының тізбесін; 

4) күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын; 

5) қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын; 

6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 

7) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекітеді. 

8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 

9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодексімен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...177 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V