Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
158-бап. Жалпы ережелер

Ст. 158 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Өлiм жазасына сотталған адамды ұстау жағдайлары оны күшейтiлген күзетуді және жалғыз адамдық камерада оқшаулауды қамтамасыз етеді. 

2. Сотталған адам кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатпен жүгінген кезде үкiмнiң орындалуы Қазақстан Республикасының Президентi шешiм қабылдағанға дейiн тоқтатыла тұрады. 

3. Сотталған адам кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатпен жүгінуден бас тартқан кезде қауіпсіздігі аралас мекеменің әкiмшiлiгi прокурордың қатысуымен тиiстi акт жасайды. 

4. Заңды күшiне енген сот үкімі, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қадағалау тәртiбiмен сот үкiмiне наразылық келтіру үшiн негiздердiң жоқ екендігі туралы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының қадағалау тәртiбiмен істі қарау үшiн негiздердiң жоқ екендігі туралы қорытындылары, сондай-ақ кешiрiм жасау туралы өтiнiшхаттың қабылданбағаны туралы хабарлама немесе сотталған адамның кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатпен жүгінуден бас тартқаны туралы акт өлiм жазасы түрiндегi жазаны орындау үшiн негiздер болып табылады. 

5. Өлім жазасы туралы үкім ол күшіне енген күнінен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін кемінде бір жыл өткен соң орындалады.
Статья 1 ...156 157 158 159 160 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 158-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V