Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
159-бап. Өлiм жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы

Ст. 159 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн бір жыл ішінде сотталған адамның белгiленген тәртiппен кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатпен жүгінуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президентi өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзген жағдайда, сотталған адамның мораторий енгiзiлгенге дейiн не оның қолданылу уақытында бұл жайында өтiнiшхат бергенiне не бермегенiне қарамастан, мораторийдiң күшi жойылғаннан кейiн де бiр жыл iшiнде кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатпен жүгінуге құқығы бар. 

2. Сотталған адам: 

1) заңда көзделген тәртiппен азаматтық-құқықтық және неке-отбасы қатынастарын ресiмдеуге; 

2) білікті заң көмегiн алуға және кездесулердің құпиялылығы қамтамасыз етілген жағдайларда адвокатпен ұзақтығы мен саны шектеусіз оңаша кездесуге; 

3) қажеттi медициналық көмек алуға; 

4) шектеусіз хат алуға және жiберуге; 

5) ай сайын жұбайымен, жақын туыстарымен бiр қысқа мерзiмдi кездесуге; 

6) дiн қызметшісiмен кездесуге; 

7) күн сайын ұзақтығы отыз минуттық сейілдеуді пайдалануға; 

8) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға толық қауіпсіз мекемеде қатаң жағдайларда ұсталатын сотталғандар үшiн көзделген мөлшерде ақша жұмсауға құқылы. 

3. Өздерiне қатысты сот үкiмi заңды күшiне енген, бiрақ кешiрiм жасау туралы мәселесi шешiлмеген не өздерінің кешiрiм жасау туралы өтiнiшхаты қанағаттандырылған өлiм жазасына сотталғандар жазасын одан әрi өтеу үшiн мекемеге жiберiлгенге дейiн осы Кодекстiң 141-бабында көзделген жағдайларда ұсталады. 

4. Өздерiне қатысты кешiрiм жасау туралы өтiнiшхат қабылданбаған өлiм жазасына сотталғандар үкiмдi орындау үшiн тиiстi мекемелерге жiберiлгенге дейiн осы Кодекстiң 145-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда ұсталады.

Статья 1 ...157 158 159 160 161 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 159-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V