Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-атқару кодексi

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
16-бап. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті



Ст. 16 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган: 

1) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару қағидаларын; 

2) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларын; 

3) пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын; 

4) сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын; 

5) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларын; 

6) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарын пайдалану қағидаларын; 

7) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидаларын; 

8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша – бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын; 

9) бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын; 

10) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулықты; 

11) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша – қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру тәртібін; 

12) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша - қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын; 

13) қылмыстық-атқару жүйесінің сотталған әйелдер, кәмелетке толмағандар жазасын өтеуге арналған органдары мен мекемелерінің және толық қауіпсіз режиміндегі мекемелердің күзетін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты; 

14) қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын; 

15) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ережені; 

16) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын; 

17) қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені; 

18) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша – мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекітеді. 

2. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...177 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V