Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 160 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
160-бап. Өлiм жазасын орындау тәртiбi

1. Өлiм жазасы жария етілмей ату арқылы орындалады. Бiрнеше адамға қатысты өлiм жазасын орындау әрбiр адамға қатысты жеке және басқалары болмағанда жүргізіледі. 

2. Өлiм жазасын орындау кезiнде прокурор, өлiм жазасы орындалатын мекеменiң өкiлi және дәрiгер қатысады. 

3. Сотталған адамның өлімін дәрiгер растайды. Сот үкiмiнiң орындалғаны туралы хаттама жасалады, оған осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдар қол қояды. 

4. Жазаны орындаған мекеме әкімшілігі үкім шығарған сотты, сондай-ақ сотталған адамның зайыбын немесе жақын туыстарының бірін өлім жазасының орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті. Мәйіттің жерленген жері туралы зайыбына немесе туыстарына жерленген күннен бастап екі жыл өткен соң хабарланады. 

5. Мекеме әкімшілігі азаматтық хал актілерін жазу органына белгіленген үлгідегі хабарлама жібереді және зайыбына немесе туыстарына қайтыс болу туралы куәлікті алуға болатын жер туралы хабарлайды. 

6-БӨЛІМ. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ. ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛҒАН
СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ. ШАРТТЫ ТҮРДЕ
СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
26-тарау. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ

Статья 1 ...158 159 160 161 162 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 160-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V