Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 162 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi

Ескерту. 162-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Сотталған адам заңда белгiленген жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн өтеген кезде жазаларды орындайтын мекеме немесе орган сотталған адамды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру туралы мәселенi қарау үшiн сотқа өтiнiшхат беру құқығының басталғаны туралы бес күндік мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi. 

2. Кешiрiм жасау туралы өтінішхатты жазаны орындайтын мекеме немесе орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен енгiзедi. 

3. Сотталған адамның жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру және кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатына жазаны орындайтын мекеме немесе орган оның жеке басына, жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқына, еңбек пен оқуға деген көзқарасына мінездеме беретін деректердi қоса бередi. 

4. Рақымшылық жасауды қолдану тәртiбiн рақымшылық жасау туралы актiнi шығарған орган айқындайды. 

5. Психикасының бұзылуы салдарынан жазаны өтеуден босату туралы ұсынуды сотқа жазаны орындайтын мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi. Ұсынумен бiр мезгілде медициналық комиссияның қорытындысы және сотталған адамның жеке iсi жіберіледі. 

6. Ауыр сырқатына байланысты жазаны өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы ұсынуды сотқа жазаны орындайтын мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi. Ұсынумен бiр мезгілде сотқа медициналық комиссияның қорытындысы және сотталған адамның жеке iсi жіберіледі. Ұсынуда сотталған адамның жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқына мінездеме беретін деректер болуға тиiс. 

7. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде жазаны орындайтын орган сотқа оны жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы ұсыну енгізеді. 

8. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға сотталған әйелдiң жүктiлiгi анықталған жағдайда, жазаны орындайтын орган жүктiлiгiне және босануына байланысты демалыс берілген күннен бастап оның жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру туралы сотқа ұсыну енгiзедi. 

9. Мекеме әкімшілігі немесе жазаны орындайтын орган сотталған адам жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру туралы өтiнiшхатпен жүгінгеннен кейiн оны он күн iшiнде осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетілген материалдарды және сотталған адамның жеке iсiн қоса бере отырып, сотқа жiберуге, сондай-ақ осы баптың оныншы бөлігінде көзделген ережелерді сақтай отырып, прокурорды жазбаша нысанда хабардар етуге мiндеттi. 

Сотқа материалдар мен прокурорға хабарлама электронды құжат түрінде жіберілуі мүмкін. 

10. Жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы өтінішхатты қарау кезінде сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жағдайлар болса, сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға не оның жазасының өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыруға немесе одан бас тартуға құқылы. 

Сот бас тартқан жағдайда, көрсетілген негіздердің кез келгені бойынша өтінішхатты қайта енгізу бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін мүмкін болады. Бұл ретте жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы соттың бас тартуы шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты, сол сияқты соттың шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартуы – жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішхатты алты ай мерзім өткенге дейін енгізуге кедергі бола алмайды. 

Сот бас тартқан жағдайда, көрсетілген негіздердің кез келгені бойынша өтінішхатты қайта енгізу бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін мүмкін болады. 

Ескерту. 162-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...157 161 162 163 164 ...177

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться