Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 166 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
166-бап. Мекеме әкiмшiлiгiнiң босатылатын сотталғандардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына жәрдемдесу жөніндегі мiндеттерi

1. Мекеме әкiмшiлiгi бас бостандығынан айыру мерзiмi аяқталғанға дейiн бір жылдан кешiктiрмей, сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарын, ішкі істер органдарын және пробация қызметін оның алдағы уақытта босатылатыны, оның тұрғын үйiнiң бар-жоғы, оның еңбекке қабiлеттілігi және алған мамандықтары туралы хабардар етеді. 

Мекеме әкімшілігі бұл ретте сотталған адамға босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімделу үшін қажетті әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемі бойынша жеке бағдарлама жасайды, ол сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне жолданады. 

2. Сотталған адамды бостандыққа дайындау мақсатында онымен ұйымдастыру-тәрбиелеу іс-шаралары жүргiзiледi, оның құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi. 

3. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерді, сондай-ақ алпыс үш жастан асқан ерлер мен елу сегіз жастан асқан әйелдерді олардың жазбаша өтiнiшi және мекеменiң ұсынуы бойынша әлеуметтiк қорғау органдары мүгедектер және қарттар үйiне жiбередi. 

Әлеуметтік көмекке мұқтаж өзге де адамдар олардың жазбаша өтініші және мекеменің ұсынуы бойынша әлеуметтік бейімдеу орталықтарына жіберіледі. 

Ескерту. 166-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2016 № 39-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...164 165 166 167 168 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 166-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V