Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 168 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
168-бап. Жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсету

Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгi: 

1) жазасын өтеуден босатылған адамдарды жұмысқа және тұрмыста орналастыруға, сондай-ақ оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiн ұсынуға жәрдем көрсетеді; 

2) жыл сайын мекемелерден босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квоталар бөледі, сондай-ақ оларды жұмысқа орналастыратын жеке және заңды тұлғаларды көтермелейді.
Статья 1 ...166 167 168 169 170 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 168-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V