Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
169-бап. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын пробациялық бақылау

Ст. 169 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын бақылауды оның тұрғылықты жерiндегі iшкi iстер органдарының полиция қызметкерлері қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады. 

Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамды тиiсiнше бақылауды қамтамасыз ету және оның тұрған жерi туралы ақпарат алу үшiн iшкi iстер органдарының полиция қызметкерлері тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекітетін электрондық бақылау құралдарын қолдануға құқылы. 

Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

2. Ішкі істер органдары шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдарды жазасының қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде дербес есепке алуды жүзеге асырады, оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуын бақылайды. 

3. Егер шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылған адам жазасының қалған өтелмеген бөлігі ішінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, сол үшін оған әкімшілік жаза қолданылған болса немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан қаскөйлікпен жалтарған болса, ішкі істер органы сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазасының қалған өтелмеген бөлігін орындау туралы ұсыну жібереді. 

4. Ішкі істер органдары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды есепке қойғаннан кейін: 

1) оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның қызметке келуін қамтамасыз етеді; 

2) сот қаулысының көшірмесін пробация қызметіне жібереді. 

5. Пробация қызметі: 

1) сот қаулысының көшірмесін алғаннан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды өзінің есебіне қояды; 

2) денсаулық жағдайын, білім деңгейін, еңбекпен қамтылуын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып, оның жеке басын зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ оған ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындауға қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды; 

3) адамға әлеуметтік-құқықтық көмекті ұсыну тәртібін түсіндіреді. 

6. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жеке басын және өмірлік жағдайын зерделеу нәтижелері бойынша пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды. 

7. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар пробация қызметі әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. 

8. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам: 

1) мекемеден босатылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркеуден өтуге; 

2) айына кемінде бір рет ішкі істер органдарына, пробация қызметіне тиісінше өзінің мінез-құлқы, алатын әлеуметтік-құқықтық көмек туралы есеп беру үшін келіп тұруға; 

3) ішкі істер органдары айқындаған уақытта тұрғылықты жерін тастап кетпеуге; 

4) ішкі істер органдарын жазбаша хабардар етпестен тұрақты тұрғылықты жерін, жұмыс пен оқу орнын ауыстырмауға; 

5) ішкі істер органдары айқындаған орындарға жұмыс пен оқудан бос уақытта бармауға; 

6) ішкі істер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпауға; 

6-1) негізгі жазаны толық өтегенге және пробациялық бақылау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге; 

7) жәбірленушінің денсаулығына, мүлкіне келтірілген залалдың немесе мемлекетке келтірілген материалдық залалдың орнын толтыру жөнінде шаралар қолдануға; 

РҚАО-ның ескертпесі!

8) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

8) ішкі істер органдарының талап етуі бойынша түсініктеме және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның мінез-құлқына бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құжаттарды ұсынуға; 

РҚАО-ның ескертпесі!

9) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары және салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi. Көрсетiлген декларация жазаның қалған өтелмеген бөлiгi аяқталғанға дейiн табыс етіледі. 

Бұл ретте, көрсетілген адамдар iшкi iстер органына мемлекеттік кіріс органының декларацияны алғаны туралы анықтамасын табыс етеді. 

9. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда, ішкі істер органдары оның тұрған жерін және жалтару себептерін анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргізеді. 

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұратын жері анықталмаған жағдайда, ішкі істер органдары сотқа оған іздестіру жариялау туралы не бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыну енгізеді. 

Ескерту. 169-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...167 168 169 170 171 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 169-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V