Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 171 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
171-бап. Жазасын өтеген адамдарды әкiмшiлiк қадағалау

Әкімшілік қадағалау жазасын өтеген адамдарға:

1) қауіпті қайталануы кезінде жасалған қылмыстары үшін, сол сияқты террористік немесе экстремистік қылмыстары, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстары үшiн;

2) ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстары үшін немесе қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болғандарға және жаза мерзімі аяқталған кезде дәрежесі үшінші теріс мінез-құлыққа ие болған сотталғандарға белгіленеді.

Ескерту. 171-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...169 170 171 172 173 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 171-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V