Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 18 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

1. Қазақстан Республикасының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары: 

1) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органдарды құрады; 

2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ мекемелерден босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілейді; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді; 

4) мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді; 

5) мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді; 

5-1) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі; 

6) пробация қызметінің есебінде тұрған мүмкіндіктері шектеулі кәмелетке толмағандарды ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді; 

7) мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды; 

8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және өзге де көмек көрсетеді. 

Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V