Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-атқару кодексi

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
20-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктері



Ст. 20 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V




1. Пробация қызметі: 

1) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған; 

2) шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асырады. 

Полиция: 

1) бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған; 

2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 84-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағында белгіленген, өзіне сот тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шарасын тағайындаған кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асырады. 

2. Пробация қызметі кәмелетке толмаған адамды есепке қою кезінде ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің, ал қажет болған кезде – педагогтің немесе психологтің қатысуымен осы Кодекстің 69, 169 және 174-баптарына сәйкес шаралар кешенін іске асырады. 

3. Пробация қызметі осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген шаралармен қатар, кәмелетке толмағандарға қатысты: 

1) іздестірудегі кәмелетке толмаған адам ұстап алынған кезде сұрақ қою және жазаларын өтеуден жалтаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау үшін ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін дереу шақыртады; 

2) қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілдерімен бірлесіп, тоқсан сайын кәмелетке толмағандардың тұрғын үй жағдайларын зерттеп-қарауды акт жасай отырып, жүргізеді. 

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2016 № 39-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...177 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 20-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V