Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-атқару кодексi

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
21-бап. Пробациялық бақылау шарттары



Ст. 21 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адам әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек алудан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда, бас тарту актімен ресімделеді. 

2. Өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адам: 

1) сот үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап он тәулік ішінде есепке қою үшін пробация қызметіне келуге; 

2) осы Кодексте белгіленген жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын өтеу шарттары мен тәртібін сақтауға; 

3) профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін пробация қызметіне келіп тұруға; 

4) жұмыс орнының және (немесе) тұрғылықты жерінің өзгергені туралы пробация қызметіне жазбаша хабар беруге міндетті. 

3. Жазаның және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының мақсатына қол жеткізу үшін пробация қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. 

4. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адамға пробация қызметі әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...177 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 21-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V