Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 32 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
32-бап. Мекемелерге бару

1. Мекемелерге арнайы рұқсатсыз: 

1) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттары, сондай-ақ тиiстi әкімшілік-аумақтық бірлік шегiндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерi; 

2) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар; 

3) нақты істер бойынша іс жүргізу барысында судьялар; 

4) қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының қызметкерлерi; 

5) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл және оның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы өкілі; 

6) осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруына байланысты ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары; 

7) Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баруға құқылы. 

2. Қоғамдық байқау комиссияларының мүшелері осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемелерге барады. 

3. Бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнің, діни бірлестіктердің дін қызметшілерінің және өзге де адамдардың мекемелерге осы мекемелер әкiмшiлiгiнiң не олардың жоғары тұрған органдарының арнайы рұқсаты бойынша ғана баруға құқығы бар. 

4. Күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауiпсiздiгi мен күзетiн қамтамасыз ететін объектiлерде кино-, фото- және бейнетүсiру жүргізу мекемелер әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жүзеге асырылады. Бұл талап Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қолданылмайды. 

5. Сотталғандарды кино-, фото- және бейнетүсiру, олармен сұхбат жүргiзу, оның iшiнде аудио-, бейнетехника құралдарын пайдалана отырып жүргiзу олардың келiсiмiмен жүзеге асырылады. 

6. Мекемелерге бару қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 

Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-тарау. ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫ

Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...177

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться