Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
36-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің құқықтары мен міндеттері



Ст. 36 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V




1. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшесі:

1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен, құрылған топ құрамында жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарға баруға;

2) жазаларды орындайтын мекемелер мен органдардың лауазымды адамдарымен кездесуге, олардан қоғамдық байқау комиссиясының қызметіне қатысты мәселелер бойынша ақпарат алуға;

3) осы Кодекстің 38-бабы үшінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандармен куәларсыз, жеке немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы әңгімелесуді жүргізуге, олардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу мәселелері бойынша өтініштер қабылдауға;

4) сотталған адамның жазбаша келісімімен оның өтініш жасауына байланысты материалдармен танысуға;

5) жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша олардың әкімшілігіне, жоғары тұрған органдарға, прокуратура органдарына өтініш жасауға;

6) қоғамдық байқау комиссиясы қызметінің аясына жататын мәселелерді қарау кезінде сот отырыстарына қатысуға;

7) жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігіне өз қызметінің нәтижелері туралы жазбаша нысанда хабар беруге құқылы. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган анықталған кемшіліктерді жоймаған жағдайда, бұл жөнінде олардың жоғары тұрған органдарына және (немесе) прокуратура органдарына хабар беруге;

8) прокуратура органдарымен келісу бойынша олар жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жүргізетін тексерулерге қатысуға құқылы.

2. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері өз өкілеттіктерін орындау кезінде жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға, олардың әкімшілігінің заңды талаптарына бағынуға міндетті.

3. Жазаны орындайтын мекемеге не органға бару жөніндегі топқа кіретін қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің бейтараптығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол оған қатысудан бас тартуға міндетті.

 


Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...177 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 36-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V