Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
43-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері



Ст. 43 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.

2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.

3. Алдын ала бару жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының бейтараптығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол алдын ала баруға қатысудан бас тартуға міндетті.

4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарлар мен шағымдарды Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.

Қабылданған хабарлар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі.

Қабылданған және берілген хабарлар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала бару нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.

5. Осы Кодекстің ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары заңда белгіленген жауаптылықта болады.

Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...177 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 43-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V