Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 50 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
50-бап. Айыппұл түрiндегi жазаны орындау тәртiбi мен шарттары

1. Сотталған адам айыппұлды үкімде белгіленген мерзім ішінде төлейді. Айыппұл төлеу мерзімі үкім заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі және оған сот кейінге қалдыруды берген уақыт қосылмайды. Егер үкім бойынша сотталған адам айыппұлды бір айдан аса мерзім ішінде төлеуге міндетті болса, айыппұл ай сайын тең үлестермен төленеді.

2. Сотталған адам мүліктік жағдайы нашарлаған жағдайда, айыппұлды кейінге қалдыруды беру туралы сот алдында өтініш жасауға құқылы.

Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...48 49 50 51 52 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 50-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V