Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-атқару кодексi

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
55-бап. Пробация қызметінің түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері



Ст. 55 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



Пробация қызметі: 

1) сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi; 

2) сотталғандарға жазаны өтеу, сондай-ақ жазаның өтелуін бақылау тәртібі мен шарттарын түсіндіреді; 

3) сотталғандардың жалақысынан ұстап қалудың дұрыстығы мен уақтылығын және ұстап қалынған сомалардың мемлекет кірісіне аударылуын бақылауды жүзеге асырады; 

4) сотталған адаммен айына бір рет профилактикалық әңгімелесу жүргізеді; 

5) қажет болған кезде сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамту орталықтарына жібереді; 

6) жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып жүрген сотталған адамға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүзеге асырады және сотқа iздестіруді жариялау туралы ұсыну енгiзедi.

Статья 1 ...53 54 55 56 57 ...177 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 55-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V