Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 65 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
65-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамды жазаны өтеу орнына жiберу

1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлiгi бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға ауыстырылған сотталған адам күзеттен босатылады және жазаны өтеу орнына бюджет қаражаты есебiнен өз бетінше барады. 

Мекеме әкiмшiлiгi сотталған адамға оны есепке қою үшiн пробация қызметіне жету маршруты мен уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына баруы туралы нұсқаманы табыс етеді, сондай-ақ пробация қызметіне оған мінездеме беретін материалдар жібереді. 

2. Сотталған адам жазаны өтеу орнына белгiленген мерзiмде келмеген кезде, пробация қызметі бастапқы iздестiру iс-шараларын жүргiзедi және, егер сотталған адамның жүрген жері анықталмаса, сотқа оған iздестiру жариялау туралы ұсыну енгізеді.
Статья 1 ...63 64 65 66 67 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 65-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V