Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
7-бап. Сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары



Ст. 7 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Мыналар:

1) жазаны өтеу режимі;

2) тәрбиелік ықпал ету;

3) жағымды әлеуметтік байланыстарды сақтап тұру;

4) қоғамға пайдалы еңбек;

5) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуы;

6) қоғамдық ықпал ету сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары болып табылады.

2. Сотталғандарды түзеу құралдары жазаның түрi, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты, қоғамға қауiптiлiк дәрежесi, кiнә нысаны мен уәждерi, сотталған адамның жеке басы және жазаны өтеу кезіндегі оның мінез-құлқы ескеріле отырып қолданылады.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...177 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V