Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
70-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау тәртібі



Ст. 70 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу жөніндегі заңды күшіне енген сот үкімін орындау бақылау жасала отырып, сотталған адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс өз бетінше кетуі арқылы жүргізіледі.

Сотталған адамның кетуін бақылау уақытша тіркелген жеріндегі ішкі істер органдарының оны тексеруі жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, Сыртқы істер министрлігінің ақпараттық дерекқорлары арқылы жүзеге асырылады.

2. Сотталған адамды шығарып жіберу бойынша шығыстарды оның өзі не оны Қазақстан Республикасына шақырған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған тұлғалардың шығыстарды жабуға қаражаттары болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, шығарып жіберу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Статья 1 ...68 69 70 71 72 ...177 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 70-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V