Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
71-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру түріндегі жазаны орындау тәртібі



Ст. 71-1 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы үкім шығарған сот үкім заңды күшіне енгеннен кейін оның көшірмесін уәкілетті органға "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жібереді.  

2. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.  

3. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат алып қойылады.  

4. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі. 

Ескерту. 14-тарау 71-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...70 71 71‑1 72 73 ...177

Перейти к статье







Добавить комментарий к 71-1-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V