Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-атқару кодексi

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
73-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны орындау мерзiмдерiн есептеу



Ст. 73 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Қамаққа алуға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған кезде, бұл негізгі жаза түрлерін өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл ретте, оның мерзімі қамаққа алуды, бас бостандығынан айыруды өтеген және пробация қызметіне есепке қойылған күннен бастап есептеледі. 

2. Жазаның осы түрі жазаның басқа да негізгі түрлеріне қосымша ретінде тағайындалған, сондай-ақ жазаны өтеу кейінге қалдырылған немесе шартты түрде сотталған жағдайларда, оның мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.

Статья 1 ...71-1 72 73 74 75 ...177 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 73-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V