Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
79-бап. Сот орындаушысының мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкiмiн орындау жөнiндегi әрекеттерi



Ст. 79 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскеннен кейін үш тәуліктен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, бұл жөнінде қаулы шығарады, тiзiмдемеде көрсетiлген мүлiктiң бар-жоғын тексередi, тәркiлеуге жататын басқа да мүлiктi анықтайды және оны тiзiмдемеге кiргiзедi. Егер мүлiктiң тiзiмдемесi жүргiзiлмесе, сот орындаушысы сотталған адамның тәркiлеуге жататын мүлкiн анықтау үшін шаралар қолданады және оны тапқан жағдайда, осы мүліктің тiзiмдемесін жасайды. 

2. Тiзiмдемеде әрбiр заттың толық және нақты атауы, оның айырым белгiлерi, оның iшiнде түсi, мөлшері, тозу дәрежесi мен жеке сипаттамалары көрсетiледi. Тiзiмделген заттарға пломба салынады, сүргі соғылады және сақтауға беріледі, бұл туралы тiзiмдемеге белгi жасалады. 

3. Сот орындаушысы тәркiленуге жататын және тiзiмдемеге алынған мүлiктi сақтауға қажеттi шаралар қолданады. 

4. Сотталған адамның ортақ және бiрлескен меншiктегi үлесiн сот орындаушысының ұсынуы бойынша сот азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен айқындайды.

Статья 1 ...77 78 79 80 81 ...177 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 79-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V