Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-атқару кодексi

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
89-бап. Мекемелер түрлерi



Ст. 89 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V




1. Мекемелер: 

1) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер; 

2) орташа қауіпсіз мекемелер; 

3) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер; 

4) қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер; 

5) төтенше қауіпсіз мекемелер; 

6) толық қауіпсіз мекемелер; 

7) қауіпсіздігі аралас мекемелер болып бөлінеді. 

2. Қауіпсіздігі аралас мекемелерге: 

1) сотталғандарды әртүрлі режим түрлерімен ұстауға арналған мекемелер; 

2) қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған не шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған не жіберілген не осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес мекемелерден келген, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды ұстау үшін пайдаланылатын тергеу изоляторлары жатады. 

3. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде абайсызда жасаған қылмыстары үшiн бас бостандығынан айыруға сотталғандар және қасақана қылмыс жасағаны үшiн бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар, сондай-ақ осы Кодекстiң 96-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi. 

4. Орташа қауіпсіз мекемелерде: 

1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бiр жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар; 

2) айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамдар; 

3) мекемелерден осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ауыстырылған сотталғандар; 

4) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден осы Кодекстің 156-бабына сәйкес ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi. 

5. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде: 

1) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған ерлер, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы кезінде не егер сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген болса, қылмыстардың қайталануы болмаған кезде; 

2) қылмыстарының қауіпті қайталануы кезінде бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдер; 

3) осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi. 

6. Төтенше қауіпсіз мекемелерде: 

1) қылмыстарының қауіпті қайталануы кезінде; 

2) өмiр бойына бас бостандығынан айыруға; 

3) өлiм жазасы түрiндегi жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан айырумен ауыстырылған; 

4) осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi. 

7. Толық қауіпсіз мекемелерде: 

1) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн, қылмыстарының қауіпті қайталануы кезінде бес жылдан астам мерзiмге; 

2) өздерiне қатысты өлiм жазасы туралы сот үкiмі өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзiлгенге дейiн немесе мораторий қолданылған уақытта күшiне енген; 

3) осы Кодекстiң 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес ауыстырылған; 

4) осы Кодекстің 96-бабы үшінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жiберiлген сотталғандар жазасын өтейдi. 

8. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ мекемеде кемінде бір жыл болу шартымен, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жиырма бір жасқа толғанға дейiн қалдырылған сотталғандар жазасын өтейдi. 

9. Мекемелерде жазасын өтеп жүрген сотталғандар басқа қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған кезде, олардың әкімшілігімен келісу бойынша осы мекемелерде, бірақ жазасын өтеп жүрген басқа сотталғандардан оқшауланып ұсталады. 

10. Сотталғандар камераларда тұратын бір мекемеде әртүрлі режим түрлері бар оқшауланған учаскелер жасалуы мүмкін. 

Ескерту. 89-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...87 88 89 90 91 ...177 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 89-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V