Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
9-бап. Сотталғандардың құқықтық жағдайының негiздерi



Ст. 9 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Қазақстан Республикасы сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн құрметтейдi және қорғайды, оларды түзеу құралдарын қолданудың заңдылығын, сондай-ақ құқықтық қорғауды және жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етедi. 

2. Сотталғандар Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қылмыстық кодексінде және өзге де заңдарында белгіленетін шектеулермен, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына, бостандықтарына ие болады және міндеттерін атқарады. 

3. Сотталған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады. 

4. Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың құқықтарын шектеу жазалардың және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының нақты түрін орындау тәртібі мен шарттары негізге алына отырып, осы Кодексте айқындалады. 

5. Сотталғандарды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшыратуға болмайды. 

6. Сотталған адам жазаны орындайтын мекемеге немесе органға келіп түскен кезде, әкімшілік сотталған адамға оның құқықтары, міндеттері және құқықтық шектеулер туралы ақпаратты, сондай-ақ жазаны орындайтын мекемелердің немесе органдардың ішкі тәртіптеме қағидаларын жазбаша түрде беруге және қолын қойғызып, түсіндіруге міндетті.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...177 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V