Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-атқару кодексi

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
95-бап. Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау



Ст. 95 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V




1. Жазаны орындау кезеңінде оны даралау мақсатында сотталған адамның мінез-құлқы дәрежесін айқындау арқылы оның мінез-құлқын бағалау жүзеге асырылады. 

2. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесі: 

1) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес ол жазасын өтеп жүрген мекеме түрін өзгерту; 

2) осы Кодекстің 135, 137, 139, 142, 144, 150-баптарына сәйкес оның мекемеде жазасын өтеу жағдайларын өзгерту; 

3) осы Кодекстің 128, 130, 152, 154-баптарына сәйкес оның құқықтарын кеңейту не құқықтық шектеулер белгілеу үшін негіз болып табылады. 

3. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесін мекеме комиссиясы ұсынатын, оның мінез-құлқын сипаттайтын материалдар (мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтауы; еңбек пен оқуға қатынасы; тәрбиелік іс-шараларға қатысуы; сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларға қатысуы; сотталғандардың ерікті ұйымына мүше болуы; қылмыстан келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша шаралар қолдану) негізінде мекеме бастығының қаулысымен айқындалады. 

4. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесін айқындау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау сотталған адам мекемеге келген күннен бастап жүзеге асырылады. 

Көтермелеулері және жазалаулары жоқ не жазалауы осы Кодексте белгіленген тәртіппен өтелген сотталған адам белгілі бір мінез-құлық дәрежесі жоқ деп танылады. 

Сотталған адамды бір түрдегі мекемеден екіншісіне ауыстырған жағдайда мінез-құлық дәрежесінің бұрын қойылған бағалауы оның мінез-құлқын осы Кодексте көзделген мерзімдерде мекеме комиссиясы қараған кезге дейін сақталады. 

Сотталғандардың мінез-құлық дәрежелері мынадай критерийлер негізінде айқындалады: 

оң сипатталатын сотталғандар үшін: 

1) кемінде бір көтермелеуі болған әрі соңғы көтермелеу алған күннен бастап үш және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі бірінші оң мінез-құлық; 

2) бірінші оң мінез-құлық дәрежесі болған, сотталғандардың ерікті ұйымына мүше болған әрі бірінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап алты және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі екінші оң мінез-құлық; 

3) екінші оң мінез-құлық дәрежесі болған, сотталғандардың ерікті ұйымына мүше болған әрі екінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап бір жыл және одан көп уақыт бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі үшінші оң мінез-құлық; 

теріс сипатталатын сотталғандар үшін: 

1) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы деп танылған кезде – дәрежесі бірінші теріс мінез-құлық; 

2) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін үнемі бұзушы деп танылған кезде – дәрежесі екінші теріс мінез-құлық; 

3) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылған кезде – дәрежесі үшінші теріс мінез-құлық. 

Сотталған адамды жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы, үнемі бұзушы не қаскөйлікпен бұзушы деп тану осы Кодекстің 130-бабының үшінші бөлігіне және 154-бабының төртінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады. 

Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...93 94 95 96 97 ...177 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 95-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V