Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 114 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
114-бап. Дәлелдемелерсiз анықталатын мән-жайлар

Мына мән-жайлар, егер тиiстi құқықтық рәсiмдер шеңберiнде: 

1) жалпыға белгiлi фактiлер; 

2) қазіргі заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсiпте жалпыға бірдей қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы; 

3) заңды күшiне енген сот актісімен белгiленген мән-жайлар; 

4) адамның заңды бiлуi; 

5) адамның өз қызметтiк және кәсiби мiндеттерiн бiлуi; 

6) арнаулы даярлығы немесе бiлiмі бар екендiгiн растайтын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекеменi көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе бiлiмнiң болмауы керiсiнше дәлелденбесе, дәлелдемелерсiз анықталған мән-жайлар болып саналады.
Статья 1 ...112 113 114 115 116 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 114-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V