Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
126-бап. Дәлелдеу процесiндегi ғылыми-техникалық құралдар



Ст. 126 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, сондай-ақ сарапшы және маман қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды осы Кодексте көзделген процестік міндеттерін өздері орындауы кезінде пайдалана алады. 

2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланған кезде жәрдем көрсету үшiн маманды тартуы мүмкiн. 

3. Егер ғылыми-техникалық құралдар: 

1) заңда тiкелей көзделсе немесе оның нормалары мен қағидаттарына қайшы келмесе; 

2) ғылыми тұрғыдан дәрменді болса; 

3) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн болса; 

4) қауiпсiз болса, олар қолдануға жарамды деп танылады. 

4. Қылмыстық процестi жүргізетін органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы ғылыми-техникалық құралдардың деректерi, оларды қолданудың шарттары мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған объектiлер және оларды пайдаланудың нәтижелерi көрсетiле отырып, тиiстi процестік әрекеттердiң хаттамаларында және сот отырысының хаттамасында көрсетiледi.

Статья 1 ...124 125 126 127 128 ...674

Перейти к статье







Добавить комментарий к 126-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V