Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 127 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
127-бап. Преюдиция

1. Соттың қылмыстық iс бойынша заңды күшiне енген үкімі, сондай-ақ қылмыстық істі мәні бойынша шешетін басқа да шешiмі анықталған мән-жайларға да, олардың соттың үкімі мен шешімі шығарылған адамға қатысты құқықтық бағалануына қатысты да барлық мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi. Бұл ереже соттың үкімі мен басқа да шешiмдерiн жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша кассациялық тәртіппен тексеруге, олардың күшiн жоюға және оларды өзгертуге кедергi болмайды. 

2. Соттың азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген шешiмi сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргізетін орган үшiн оқиғаның немесе әрекеттiң орын алғаны не алмағаны туралы мәселе жөнiнде ғана мiндеттi және ол сотталушының кiнәлiлігі немесе кiнәсіздігі туралы түйіндерді алдын ала шешпеуге тиiс. 

3. Соттың заңды күшiне енген, өзінде талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкiмi сот үшiн оның азаматтық iсті қарауы кезiнде осы бөлiгінде мiндеттi. 

4. Нақ сол күдік бойынша қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны туралы қаулыдан басқа, қылмыстық қудалау органы қаулысының сот үшiн мiндеттi күшi болмайды. 

Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

4-БӨЛІМ. ПРОЦЕСТІК МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ
17-тарау. КҮДІКТІНІ ҰСТАП АЛУ

Статья 1 ...125 126 127 128 129 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 127-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V