Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 130 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
130-бап. Азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды процестік емес ұстап алуға құқығы

1. Жәбiрленушiнiң, сондай-ақ кез келген өзге азаматтың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды оның өзге де қолсұғушылықтар жасау мүмкiндiгiнiң жолын кесу мақсатында ұстап алуға және оны қылмыстық қудалау органына немесе өзге де мемлекеттік билік органына беру не жеткізу үшін оның жүріп-тұру еркіндігін шектеуге құқығы бар. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, ұстап алынған адам қарсылық көрсеткен кезде оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 33-бабында көзделген шектерде дене күшi мен басқа да құралдар қолданылуы мүмкін. Егер ұсталған адамда қару немесе қылмыстық iс үшiн маңызы бар өзге де қауiптi заттар бар деп пайымдауға негiз болса, оны ұстап алған азамат ұстап алынған адамның киiмiн қарап-тексеруге және онда бар нәрселерді құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттiк билік органына беру үшiн алып қоюға құқылы.
Статья 1 ...128 129 130 131 132 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 130-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V