Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
137-бап. Бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер

Ст. 137 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Мыналар: 

1) ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат; 

2) жеке кепiлгерлік; 

3) әскери қызметшiнi әскери бөлiм қолбасшылығының байқауда ұстауына беру; 

4) кәмелетке толмаған адамды қарауда ұстауға беру; 

5) кепiл; 

6) үйқамақ; 

7) күзетпен ұстау бұлтарпау шаралары болып табылады. 

2. Әскери қызметшiнi әскери бөлiм қолбасшылығының байқауда ұстауына беруді және күзетпен ұстауды қоспағанда, қажет болған кезде бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты электрондық бақылау құралдары қолданылуы мүмкін. 

Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулыда электрондық бақылау құралдарын қолдану және күдіктіге, айыпталушыға олардың мақсатын түсіндіру туралы белгі жасалады. 

3. Электрондық бақылау құралдарын қолдануға оларды айналасындағылардың байқауынан жасыру шаралары қолданылған жағдайда жол беріледі, ол күдіктінің, айыпталушының баратын жерлері және олардың жүріп-тұратын жолдары, сондай-ақ жасы, денсаулығының жай-күйі, отбасы жағдайы мен өмір салты ескеріліп жүзеге асырылуға тиіс. 

4. Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібін, шарттары мен негіздерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Статья 1 ...135 136 137 138 139 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 137-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V